Түлектер мектебімізге демеушілік көмек көрсетті » Тасарық негізгі мектебі
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Тасарық негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Түлектер мектебімізге демеушілік көмек көрсетті
22
сентябрь
2020

Түлектер мектебімізге демеушілік көмек көрсетті

Туған жерге деген құрмет сезімі – әрбір адамның қанында бар қасиет екені сөзсіз.Тасарық ауылында Тасарық негізгі мектебінен талай шәкірт түлеп ұшты.Жүрегі елім деп соққан, елге қамқорлық танытып жүргендері де бар.Солардың ішінде мектебіміздің 1990-оқу жылының түлектері мектепке демеушілік жасады.Демеушілік жасаған азаматтар: Тілегенов Ғалымжан, Дадақов Дәуітжан, Әзімбаев Әсет, Айдарбеков Мұрат, Базартаев Арман, Қасымжанов Қанат, Қасымбаев Оралбек, Абдильданов Сатымбек, Дүйсенбаев Нұржан, Айтеев Бауыржан, Мусабаев Саят, Әбілмажинов Болатхан, Қоңыртаев Серғазы. Жөндеу жұмысынан өткен жаңа корпусты мектеп жиҺаздарымен (14 оқушы партасы орындығымен, 2 мұғалім столы орындығымен, 2 сынып тақтасы) қамтамасыз етті. «Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын» дегендей демеушілік жасаған азаматтарға алғыс айтылып, мектеп директоры Руслан Байбатчанович жақсы істің басы-қасында жүрген жанашыр жандарға Алғыс хат табысталды.

"Тасарық негізгі мектебі" КММ-сінің мектеп ұжымы.