Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1-сәуірде басталады » Тасарық негізгі мектебі
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Тасарық негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1-сәуірде басталады
18
март
2021

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1-сәуірде басталады

ШҚО, "Тасарық негізгі мектебі" КММ-сі
Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары 2021 жылғы 1 сәуірден бастап мектепке онлайн-өтініш бере алады. Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап ауданымызда жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныбына құжаттарды қабылдау бойынша электрондық жүйе жұмыс істей бастайды. Биылғы жазда әр ата-ана мектепке өтінішті өткен жылғыдай үйден шықпай онлайн режимде бере алады.
Аталған қызметті ата-аналар электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) www.egov.kz порталы арқылы ала алады. Өтініштерді 24/7 режимінде беруге болады, осылайша ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке онлайн режимде өтініш беру мүмкіндігіне ие болады. Өтініш беру үшін сайтқа кіріп, қажетті ақпаратты толтырып, тиісті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу керек. Олар -026/у-3 үлгісі бойынша" Баланың денсаулық құжаты"; 063/у үлгісі бойынша Баланың денсаулығы жөніндегі құжат және 3х4 өлшеміндегі 2 фото сурет. Құжаттар толық болмаса және скан-көшірмелерді оқу қиын болса, қызмет көрсетуден бас тарту мүмкін.
Компьютер немесе интернет болмаған жағдайда ата-аналар жақын маңдағы мектепке барып, қызметкерлерден көмек сұрай алады.