«Отбасы – тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағаты
«Отбасы – тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағаты
Үржар аудандық білім басқармасының 2019 жылғы 21 қазандағы №001- 2/7580 хатын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында 2019 жылы 25 қазанда «Отбасы – тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы» атты біріңғай сынып сағаты өткізілді.
Осыған орай мектебімізде Отбасы шешуші рөлін тану негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу де «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің міндеті іске асыру негізінде жоспары жасалып, бекітілді.
25 қазан күні «Менің отбасым» тақырыбында қабырға газеті шығарылып, онда оқушылардың отбасымен түскен суреттері ілінді. Ең жақсы түсірілген суреттер мадақталып, мақтау қағаздары берілді.
5,6,7-сынып жетекшілері Жаксылыкова К.Ж, Турганбаева Ф.А, Дауіт Әмина «Менің отбасымның фотосуреттердегі тарихы» тақырыбында оқушылармен пікірсайыс және "Менің сүйікті туыстарым" фотокормесін өткізді. Кездесудің мақсаты отбасы ата-ана мен, отбасысының бала тәрбиесінде алатын орны, ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі ой салу. Пікір-сайыс барысында видеоролик көрсетіліп, оқушылар отбасы деген сөзге өз ойларын айтып, сұрақтарға жауап берді.
«Отбасы – тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатына 10 ата-ана, 12 оқушы қатысты. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасатынын әр ата-ана да, оқушы да өз сөздерімен еркін жеткізе білді. Тәрбие отбасынан басталатынын ескере отырып, оқушыларға отбасы туралы жан-жақты мағлұматтар берілді. Адам бойындағы мейірімділік, адамгершілік сезім ең алдымен туған бауырлары мен ата-анасына деген махаббаттан басталатынын оқуышыларға түсіндіру үшін қанатты сөздерді талдап, бейнекөрсетілім көрсетілді. Беріліп отырған сұрақтарға ата-аналар да, оқушылар да жүйелі түрде жеткізе білді. Оқушылар отбасы туралы өлеңдерін мәнерлеп айтып, отбасына деген мейірімін ояту үшін «Ана», «Әкешім» әндерін орындады.