Жаңа жыл » Тасарық негізгі мектебі
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Тасарық негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
декабрь
2019

Жаңа жыл

"Тасарық негізгі мектебі "КММ- де 26-28.12.аралығында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ә.Лабанованың  алдын ала дайындаған жоспары негізінде "Жасыл шырша жанында" атты мереке ойдағыдай өтті. Мерекеге мектептегі барлық оқушы, яғни, шағын топтың оқушылары, даярлық топ оқушыларынан бастап 7- сынып оқушыларының барлығы қамтылды. Мерекелік бағдарламалар оқушылардың жас ерекшелігіне орай құрылып, өткізілді. Шағын орталық және даярлық тобының оқушылары мен тәрбиешісі Байтлеуова С.С., бастауыш  сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Испулова С.У., Даурембекова Н.К., Байгалиева А.У., 5,6,7 -  сынып оқушылары мен сынып жетекшілер Турганбаева Ф.А., Жаксылыкова К.Ж., Турганбаева А.К. , мектеп әкімшілігі А.Б. Рахимоваға  қызықты мерекелік көңіл күй сыйлағандары үшін ата- аналар мен оқушылар өз алғыстарын білдірді.
 
 Барлықтарыңызға жаңа жыл бақыт,  денсаулық, жетістік, мол табыс әкелсін.