Адалдық сағаты
«Адалдық сағаты»
Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарымызға айтылған сөзінде: «Ұлы құндылықтарды ұлықтай білу – әрбір жастың, баршамыздың жауапкершілігіміз. Патриот болу дегеніміз – өзіңнің ұлы даланың ұрпағы екеніңді мақтан ете білу. Еліңнің жарқын болашағын жасауға өз үлесіңді қосу» деген еді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев «Айқын» республикалық саяси-қоғамдық газетіне берген сұхбатында: «Жемқорлық мемлекеттің орнықты дамуына, ұлттық қауіпсіздкке қатер төндіреді. Жемқорлықпен күрес ымырасыз жүруі тиіс және бұл тек Үкіметтің ғана емес, әрбір адамның міндетіне, керек десеңіз парызына айналуы тиіс» деген еді.
Осыған орай, бүгін мектебімізде парасатты жастарды тәрбиелеп, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және жастардың бойында сыйбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында орта білім беру мекемелерінде жалпыреспубликалық біріңғай «Адалдық сағаты» іс-шарасы өткізлуде, бұл жұмыстарға біз арнайы қамқоршылық кеңесінің төрайымының орынбасары да қатысты. 5,6,7-сыныптарда "Адал ұрпақ" мүшелерімен дөңгелек үстел барысында кездесу өтті.![]()
![]()
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ә.Лабанова «Адалдық сағаты" тақырыбында слайд көрсетті, түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, тәлімгер А.Б.Рахимова жемқорлыққа қарсы насихаттайтын жағымды бейнероликтердің көрсетілімін ұйымдастырды, аталмыш тақырып аясында оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Барлық іс-шараларды өткізуге тәрбие жөніндегі орынбасары, тәлімгер және сынып жетекшілер бірлесе отырып атсалысты, сыныптар да белсенділік танытты.